Әлеуметтік желіде Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың суретімен бірге тараған жазба кей мұғалімдердің ренішін тудырды деп жазады Democrat.kz.
Министрдің суретінің үстінде "2026 жылы тест тек бір ғана рет болады" деген жазба бар.
Әлеуметтік желіде тараған осы "хабарламаға" қатысты кей мұғалім "дұрыс, сонда әділдік болады", "білімді ұстаз бір тестте білімін дәлелдейді" десе, енді бір тарап "жемқорлыққа кеңінен жол ашады бұл", "бұл дұрыс емес, мұғалім белгілі бір себеппен тестке қатыса алмай қалса, не болмақ?", "екінші мүмкіндік берілгені жөн" дегенге саятын пікірлер айтуда.
Еске салып өтейік, Оқу ағарту министрі мұғалімдердің аттестациясына қатысты бірқатар өзгерістер болатынын мәлімдеген болатын. Десек те, жоғарыда сөз болған "тест бір рет қана өтетіні" туралы министрліктен әзірге ресми мәлімдеме шықпады.