Танымал белсенді ұстаз Сұлтан Сүлеев мұғалімдердің аттестациясының бизнес көзіне айналғанын айтып, бұл сорақы дүниелер сынақ кезінде қалай жүретінін, соңы неге апарып соғатынын талдап берді деп жазады Democrat.kz.
"Дипломнан соң бес жылда жоғары категория алдым, кезінде. Ол кезде бәріне ондай категорияны бермейтін. Оқушың республикадан орын алу керек.
Газет-журналға педагогика,методикадан мақала. Мектепте қоғамдық жұмысқа белсене араласу. Болды. Сен мерзімінен бұрын жоғары категориядасың.
Аттестацияны бизнеске айналдыру 2017-18 жылдары басталды. Тест тапсыру мен портфолио. Жыл өткен сайын осыларға не бір абсурд талаптар қосылып отырды. Соңында ақша беріп қана тыныш өтуге болатынға алып келді.Ең хохмасы, әрбір бес жыл сайын қайта дәлелдеу керексің.
Кеше президент осыны тоқтатуды талап етіпті. Бізде президент айтпаса таңертең бетімізді де жумай жүре беретін сияқтымыз. Төрт министрдің біреуі де осыны ойламағаны өкінішті.
Аттестациядан несіне қорқады деген сұрақ көп келеді.
Бұл ең бірінші артық стресс.
Екінші уақыттың соры.
сенің жинағаның комиссияға бір тиынға керегі жоқ.
Үшінші, ешкім оқымайды да. Бар деген "галочка" үшін керек.
Төртінші, көп мұғалімдер үшін ақшалай шығын келтіретін жұмыстар..
а) авторлық сатып алу. 100-150 мың теңге.
б) портфолиоң әр деңгейден өткізу үшін комиссияның бонусы бар. Деңгей өскен сайын бонус та өсе береді. Өсіп-өсіп облысқа 150 мыңдай болып барады.
в) тест деген де жақсы пайда көзі. Төменгі категория 450 мыңнан басталып,ең жоғарғысы 800 мыңға тіреледі.
г) Курстан өту.22-30 мың. Ол ашық заңдастырылған ақша.
д)Портфолиоға керекті марапат алу да проблема.Мұғалімдер біледі.
е)Портфолионың құжаттарын шығару мен оны бір жерге жүктеу. Ақша керек.
Енді осы цифрларды еліміздегі 600000 мұғалімге сәйкестендіріп көріңіз. Алты жүз мыңның құрығанда 30 проценті мен айтқан схемамен өтетін болса қаншама миллиард теңге болады. Осының барлығы кімнің қолына түседі?
Неге президент айтқанша аттестацияға жабысып отырғандарын түсіндіңіздер ме? Енді осы мәселе қатты талқыланып тұрған кезде аттестацияны бұрынғы қалпына келтіру керек.
Категорияны стажға қарап беру, қайтадан оны қорғауды тоқтату.
Ақша араласқан білім саласы оңбайтынын мойындайтын кез келді", дейді Сұлтан Сүлеев.