"Мұғалімге қол көтеру -шектен шығу" деген депутат үндеу жасады

"Мұғалімге қол көтеру -шектен шығу" деген депутат үндеу жасады

Алматы облысы, Қарасай ауданы, "Жаңа қазақ" мектебінде мұғалімге қол көтерген сұмдық оқиғаға байланысты Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев пікір білдірді деп жазады Democrat.kz.

"Мектепте мұғалімге қол көтеріпті деген жаңалықты оқып шынымен қынжылдым. Ұстаз сенің жауың емес қой. Саған білім беріп, адам болсын деп жүрген жанға жұдырық көтеру ешқандай тәрбиеге де, адамгершілікке де сыймайды.

Баяғыда қазақ «ұстазыңды ата-анаңдай сыйла» деп өсірген. Қазір кей жерде мұғалімге айқайлау, қарсы сөйлеу қалыпты нәрсе болып бара жатқандай. Ал енді қол көтеру деген тіпті шектен шығу.

Алматы облысы Қарасай ауданындағы «Жаңа қазақ» мектебінде болған жағдай. Ұстазға күш қолданған міндетті түрде заң алдында жауап беру керек. Ертең басқа балаларға да сабақ болсын. Мұғалім өзін мектепте қауіпсіз сезінбесе, ол қандай орта болады?

Ұстазды қорғай алмаған қоғам ертең тәрбиелі ұрпақ күтемін демесін",деп жазды депутат Дәулет Мұқаев.

Барлық жаңалықтар