"Мұғалімге қырындайтын "заврайонолар", жігітке асылатын мектеп директорлары бар" дейді белсенді педагог

"Мұғалімге қырындайтын "заврайонолар", жігітке асылатын мектеп директорлары бар" дейді белсенді педагог

Танымал педагог, білікті ұстаз Өмір Шыныбекұлы харрасмент мәселесіне қатысты пікір білдіріп, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

"Еркек басшылардың ері бар әйелге сексуалды сипаттағы қысым жасауын кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған осындай қылмыспен теңестіру керек..

Осындай сәуріктердің кесірінен қаншама отбасы ойрандалып, қанша бала тірі жетім болды..

Еліміздің мұғалімдерінен маған осындай ақпарат жиі келеді..

Айналасына шағымданайын десе "Өзіңнен де бар шығар, повод бергенсің ғой" деген "ақыл" естиді..

Сондықтан көбісі үнсіз төзуге мәжбүр..

Тіпті алдына жағдай айтып барған мұғалім келіншектерді кафе-мафеге шақыратын "заврайонолар" бар көрінеді..

Жалпы ері бар әйелге қырындаған еркекті (еркексымақты) піштіріп тастаса обалы жоқ...

Айналасындағы жігіттерге көз салатын әйел директорлар жоқ деп ешкім айта алмайды..

3-4 жыл бұрын сондай оқиғаның бірін Түркістан облысы Білім бақылау департаментінің Әдеп кеңесінде қарағанбыз" деп жазды Өмір Шыныбекұлы.

Барлық жаңалықтар