Мұғалімнің әр күні: Өтірік "отчеттар", жалған "лайктар", зорлықпен жазылған пікірлер...

Мұғалімнің әр күні: Өтірік "отчеттар", жалған "лайктар", зорлықпен жазылған пікірлер...

Танымал ұстаз, белсенді мұғалім Мира Барказатқызы білім саласындағы кемшіліктер туралы маңызды жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

"Жобалардың жүзге аспай жатқанын көзіміз көріп отыр. Бәрі жалған есеп… мұғалім жасайын десе, үлгертпей, жасатпай отчет сұрайды. Тек отчет үшін жасайды, бала да отчет үшін фотоға видеоға түсе салады. Ал енді жоба нәтижелерін килограммен өлшейсің бе? Тоннамен өлшейсің бе, өзің біл!!! Себебі, 45 минут тәрбие сағатына өте көп тақырып, өте көп тапсырма беріледі: 1) 45 минутта тәрбие сағатының басты тақырыбы. 2)Өмір қауіпсіздігі: өрт қауіпсіздігі, ВИЧ қауіпсіздігі; 3) “Таза Қазақстан” крышка жина 4) ата-анамен кітап оқу; 5) мейірімді болып көріну т.б. Оны өткізіп жатқанда ыздиып комиссия келеді 15 минут ақыл айтады немесе АКТ залына түсіртеді, онда шала қазақ біреу “Құқық бұзғандар” жөнінде шүлдірлеп тұрады. Міне, жалпы картина осы. Бір күнгі осының бәрінің отчетын сұрайды. Оны инстаграм, фейзбук, тик-токқа салады. Оған зорлықпен лайк қойғызып, пікір жазғызады. Сосын мұғалімдер келісіп бөліп аламыз, мен тәрбие сағатын, типа, өткізген болып сурет жіберемін, мәтінін жазамын; екінші біреу өрт қауіпсіздігін,типа, өткізіп керемет “жасады” т.с.с. кете береді. “100 қойдан 110 қозы аламыз” деген осы. Келесі күні де сол. Түннің жарымына дейін отчет береміз. Ауданға өтіп кетсең сорың, тағы сондай екі түнің кетеді. Оқушыға тапсырма бересін, ол жаттап алады. Бір сағатта видео дайын болмайды, түсірген соң өңдейсің. Ақиқатын мұғалімдер де айтсын!!! Өтірік “анаған барып жазып кетіңдер!” деген бұйрықпен жазылған пкірді, оқырман, өздерің де танисыңдар ғой?! “Тек жамандықты көреді екен деп” сынайтындар да жетеді, “не үшін жаманатты боласың” деп жанашырлық танытатындар да жетеді. Алайда, осы қателіктер осылай кете берсе, не болады?! Ұрпақтың тәрбиесі қағаздағы Жоба мен Жоспармен бітпейді, ағайын! Мұның бір ғана шешімі бар: МҰҒАЛІМГЕ ЖҰМЫС ЖАСАУҒА МҮМКІНДІК БЕРІҢДЕР! Мұғалім жәй ғана өзінің жұмысын жасасын!" деп жазды Мира Барказатқызы. Фото интернеттен.  
Барлық жаңалықтар