"Мұғалімнің киімін қойып, енді шашына жармасу басталған ба?" дескен жұрт Сая Абдуғаниды сөзбен талап жатыр

"Мұғалімнің киімін қойып, енді шашына жармасу басталған ба?" дескен жұрт Сая Абдуғаниды сөзбен талап жатыр

Мұғалімдердің сырт келбетіне қатысты ақыл кеңес берген Сая Абдуғанидің видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.

"Мұғалім оқушыға үлгі болуы керек. Мұғалімнің шаш үлгісінің өзі ерекше болғаны жөн. Кәдімгі ұстаздың, педагогикалық шаш үлгісін жасауды үйренейікші. Оқушылар жоқ жерде айтайыншы, сырт киімге мән берейік.

Киімнің ұзындығы мінсіз ұзындықта болса. Мұғалімге қысқа киюге болмайды. Мектептен тыс жерде кие беріңіз. Ал мектептің ішінде аяқты толық жауып тұратын ұзын киім болса. 

Аяқтағы туфлидің биіктігі 5-7 см.болғаны абзал. Одан төмен немесе биік табан кимеген жөн.

Сосын әйел мұғалімдер, шалбар дегенді қояйықшы. Бойымызда элеганттық сипат қалыптастыру үшін, мүмкін болса, шалбар кимеген дұрыс" деді Сая Абдуғани. 

Сая Абдуғанидың бұл ақылдары кей мұғалімдерге ұнай қоймады.  "Мұғалімнен басқа проблема жоқ па", "советский дресс код устаревший", "киімі бітіп, енді мұғалімнің шашына жармастыңдар ма?" Дегенге саятын пікірлер жазуда жұрт. (Мақаланы ұрлап, сілтемесіз көшіріп басатын сайтты заңды жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)

Барлық жаңалықтар