"Мұғалімнің мектепке кіріп шыққан уақыты тіркеліп отырады" деген белсенді педагог тиісті орындарға сұрау салды

"Мұғалімнің мектепке кіріп шыққан уақыты тіркеліп отырады" деген белсенді педагог тиісті орындарға сұрау салды
Әлеуметтік желіде белсенді ұстаз мектеп ішінде болып жатқан заңсыздық туралы айтып, тиісті орындардан мәселені тексеруді сұрады деп жазады Democrat.kz.
 
Белсенді педагогтың айтуынша, мектептегі мұғалімдердің әр кіріп шыққаны арнайы дәптерге жазылып, түзіліп отырады екен. 
 
Әлеуметтік желіде Сандуғаш Жақыпова деген атпен тіркелген белсенді азамат: 
 
"Бүгін-сәуірдің 21-і. Енді мынау дұрыс па?
Кешкі сағат 19:00 де
Мұғалімдер кезекте тұрып, кешкі уақытта үйіне ас-ауқат беретін ұстаздар күтіп, кірген-шығу уақытын жазып отырады. Бұл-құқықтарының бұзылуы деп есептеймін.
 
Осы уақытқа дейін мұндай тәртіпті бірінші рет көріп отырмын: “осы минутта кірдім, осы минутта шықтым”деп жазатын мекеме бар екенін білмеппін. Әлде ондай бар болса да, мен байқамай жүрмін бе?
Жоғарыда отырған басшылар, сіздер осының бәрін көріп отырсыздар ма? Қалайша осындай жағдайға шыдап отырсыздар? Шыдап отырғандарыңызға қарағанда, “күл болмасаң, бүл бол”дегендей күй кешіп отырсыздар ма? Бірің өліп, бірің қал дегендей жағдай емес пе бұл?
 
Сонда Мусалиева ойына келгенін істей бергеніне біз үнсіз шыдай беруіміз керек пе? Сіздер мектептің қазіргі ахуалы қандай болып жатқанын ойлап көрдіңіздер ме?
 
Мұғалім күн сайын дамуы керек дейміз. Ал біз шынымен дамып жатырмыз ба? Қудалауға ұшыраған мұғалімдер үреймен жүр: “бүгін Мусалиева қай жағымыздан шығады?”деп алаңдайды. Ал қудаланбаған мұғалімдер осындай психологиялық ахуалы нашар ортада өздері дамып, оқушыны дамыта алады деп ойлайсыздар ма?
 
Қалай ойлайсыздар? Осындай психологиялық ахуалы нашар мектепте кім дамып, кім дамыта алады? Бұл-сіздерге қойылатын ашық сұрақ.
Сұраққа жауап күтем", деп жазып, тиісті мекемелерді тегтеген. 
 
 
Барлық жаңалықтар