"Мұғалімнің шеке майын шылқ еткізбек": Қоғам белсендісі "біз жеңдік" деп жазба жариялады

"Мұғалімнің шеке майын шылқ еткізбек": Қоғам белсендісі "біз жеңдік" деп жазба жариялады

Қоғам белсендісі әлеуметтік желіде Тортуыл Шоқан (Нұржан Жолдыбекұлы) атымен танымал азамат мектеп бюджетінің аудандық әкімдікке берілуі заңын қолдаған депутаттарға алғыс айтып, "біз жеңдік" деген жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

"Біз" жеңдік, аудандар білім саласы бюджеті облыстан қайта аудандарға қайтарылды.

 

Заңдағы бұл түзету сексеннен аса мәжіліс депутаты қолдауынан өтіп, сенатқа кетті.
Қайтпаса, Президент қол қояды, қолданысқа енеді.

"4 млн баланың тағдырына қыл үстінде" деп соққан депутат Аймағамбетов ақылды екен де, бұл өзгерісті қолдаған Премьер-министр, келісім берген әр-түрлі деңгейдегі әкімдер, Оқу—ағарту министірлігі ұжымы, 90 ға жуық депутат ақымақ екен дә..
Бұл жерде мұғалім, баланың құқы туралы сөз болмаған негізі.
Сөз болғаны тек бюджет мәселесі еді.
Манипулияция өтпеді, өткізбедік. 

 

Болды, енді мұғалім мен баланы қорғайтын Конституция, Еңбек заңы, Мұғалімдер мәртебесі, т б заңды актілер.

Ешкім ешкімнің құқығын таптамайды, заңды білсе болғаны.

Ең тиімдісі, аудан әкімшілігі бюджеттен аудан біліміне қаражат бөледі, мектептерді жөндейді, тіпті мұғалімдерге үй де бере алады.
Айтпақшы, мектеп директорлары мен аудандық білім бөлімдері басшылары ротациясы да енді аудан Әкімі құзыретінде.
Ал, методологияны министірлік өзі бұрынғыша жүргізе береді.

 

Ошым, білімнің ақшасын қазіргідей млрд тап жеу, кресло сату тоқтайды.

Президентке, Премьерге, Оқу -ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға, депутат Нұртай Сабильянов қа, Мұрат Әбеновке және осы өзгерісті қолдаған барлық депутаттарға алғыс"деп жазды Тортуыл Шоқан. 

Редакциядан: Айта кетейік, қоғам белсендісі айтып отырған заң жобасы тек Парламенттің мәжілісінде қабылданды. Әрі қарай Сенат, сосын Президент қол қоюы керек. Кейде Президент қол қоймай, кері қайтаратын жағдай да болатынын ескерсек, "біз жеңдік!"деп тақияны аспанға атуға әлі ертерек сияқты. 

Барлық жаңалықтар