Мұғалімнің тест тапсыруы: Кім кімді алдап жатыр сонда?

Мұғалімнің тест тапсыруы: Кім кімді алдап жатыр сонда?
Экономист Сәбит Рысбаев мұғалімдерге арналған тестке қатысты бір жағдайды баяндап, "кім кімді алдап жатыр?" Деген сауалға жауап іздеді деп жазады Democrat.kz.
 
"Бір інім бар. Мұғалім болып істейді. Аға сіз қаржыдан хабарыңыз бар ғой. Мұғалімдерге мына тесттен өт деп жатыр. Көмектесіп жіберіңізші деді. Жарайды деп тесттерін бірге қарадық. Ана тестті кім дайындағын?
 
Мақсаты не түсінбедім. Чат GPT-ді ашып қойып содан сұрап ырылдатып шықтық. Керекті ұпайын алды. Сұрақтарын адам түсінбейді. Гарвардты бітіріп келсең де түсінбейсің.
 
Ол бер жағы дәл осы тестті 2 325 000 адам тапсырыпты. Мұғалімдер, дәрігерлер, мемлекеттік қызметкерлер болар. Кім кімді алдап жатыр? Бұл біреудің тиын жасайтын жобасы жәй.
 
Осылай да ақша істеуге болады екен. Қызығы сол. Чат GPT арқылы да 80% дұрыс жауап бере алмадық. Мына заманда мұғалімдерді осындай фигнямен айналыстыру кімге керек?
 
Жұлдыз Сулейманова апым келе сала қатты кірісіп кеткен ау жұмысына. Орысша жазылып, қазақша аударма жасағандары көрініп тұр. Сәтсіз аударма екен. Басқалар да осы Чат GPT арқылы тапсырып жатқан болар. Осы тестті өтсе қаржылай сауатты бола ма сонда?"деп жазды Сәбит Рысбаев
Барлық жаңалықтар