Мұнай-газ саласына арналған 15 жаңа өндіріс орны жоспарланып отыр

Мұнай-газ саласына арналған 15 жаңа өндіріс орны жоспарланып отыр

Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсібіне қажетті жабдықтар мен материалдарды өндіретін 15 жаңа кәсіпорын ашу жоспарланып отыр. Жобалардың жалпы құны 37,7 миллиард теңгені құрайды, деп жазады Democrat.kz.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, бұл бастама елдегі мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға және импортқа тәуелділікті азайтуға бағытталған. Бұған дейінгі кезеңде, 2022–2025 жылдары, жалпы құны 7,9 миллиард теңге болатын 10 өндірістік нысан іске қосылған. Олардың жұмысы нәтижесінде 350-ден астам жұмыс орны құрылған.

Жаңа жобалар аясында халықаралық және отандық өндірушілермен бірлесіп, мұнай-газ операторларына қажетті тауарларды Қазақстан аумағында өндіру көзделіп отыр. Министрлік ірі мұнай-газ компанияларына қажет 160-тан астам өнім түрін қамтитын 19 негізгі санатты анықтаған.

Отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу да маңызды бағыттардың бірі саналады. Мұндай келісімдер кәсіпорындарға өндірісті алдын ала жоспарлауға, инвестиция тартуға және тұрақты тапсырыс алуға мүмкіндік береді. Жаңа өндірістердің іске қосылуы мұнай-газ саласындағы жергілікті қамту үлесін арттыруға ықпал етуі мүмкін. 

Барлық жаңалықтар