Мұстафа Өзтүріктің қызы Несихан Өзтүрік әлеуметтік желідегі парақшасында әкесінің бұрын көпшілікке беймәлім болып келген фотосын жариялады, деп хабарлайды Democrat.kz. сайты Malim.kz.-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, соңғы күндері бұл суретті оған көптеген адам жіберген. Кадр 1986 жылы Германияда түсірілген. Ол кезде өзі небәрі 2 жаста болғанын да атап өткен.
"Кеше бері бұл суретті маған көп адам жіберді. Бұл – 1986 жылы Германияда түсірілген әдемі естелік. Сол кезде мен небәрі 2 жаста едім. Дәлелхан аға және менің әкем. Осы керемет суретті маған жіберген әрбір жанға алғысым шексіз", – деп жазды ол.
