Мұсылман қауымы кәпірлердің заттарына бойкот жариялады

Мұсылман қауымы кәпірлердің заттарына бойкот жариялады

Израиль мен Палестина арасындағы соғысқа байланысты мұсылман қауымы кәпірлердің тауарларына бойкот жариялады деп жазады Democrat.kz.

Бұл бойкот туралы діндар Данияр Кенжеұлы мәлімдеді. Діндардың айтуынша, "Түркияда бас қосқан Ислам ғалымдары кәпірлердің тауарларына бойкот жариялау парыз" туралы шешімге келген екен. 

Осыған байланысты Данияр Кенжеұлы: "Кола ішуге болмайды, лэйс чипсы жеуге болмайды, пепси ішуге болмайды. Бойкот жасалған кез келген затты алып жеу, харам. 

Бойкот қай жағдайда парыз болады? Егер сен сатып алған заттың ақшасы кәпірлердің мұсылманға зиян жасауына жұмсалатын болса, харам саналады. 

Бірақ Қазақстанда өндірілетін кола, пепсиді сатып алу арам болып есептелмейді. Бірақ мұсылмандық ұстанымды білдіру ретінде, тұтынбауына болады. Бірақ басқаларға "сен арам ішіп жатсың"деуге болмайды" деді. 

Барлық жаңалықтар