"Пайғамбарды түсінде көрген", "домбыра харам" деген сөздерімен елге танылған блогер Назерке Тілепберген өзі тұрып жатқан аймақтағы діни ахуалды айтып, дабыл қақты деп жазады Democrat.kz.
"ТикТокта отырып алып, "құдай аспанда", "құдай ана жерде, мына жерде" деп болмайтын әңгімені соғып, сауатсыз діни уағыз айтып отыратын ахилар бір жеріне қарамай, "атеист, тәңірші" деп басқаларды бөледі.
Сондай діндардың, сектанттың көбі біздің Батыста. Сенбесеңдер келіп көріңдерші, сақалдары сапсиып, балақтары салақтап жүргендер қаншама. Сектаның басым көбі біздің Батыста. Керемет бір іс тындырып жатқандай, кекірейіп сөйлейді солар.
Сен мұсылман болып, не бітіріп жатсың? Қатыннан қатын алып, талақ айтқаннан басқа не бітіріп жатсыңдар?
Бір дін үшін жіктеліп, бөлініп біттіңдер ғой?! Не болды сонша? Атеист, тәңірші, мұсылман бәріміз бір қазақтың баласы емеспіз бе?" деген блогер Назерке кей намазхандардың жиіркенішті әрекеттерін айтып, аяусыз боқтады.