Қазақстандық педагог жай мектептен кейін жекеменшік мектепке ауысып, екі білім ордасының арасындағы жер мен көктей айырмашылықты жіпке тізгендей айтып берді деп жазады Democrat.kz.
"Құрметті мұғалім- әріптестер, айтсам сенбейтін шығарсыздар…. Бірақ Астанада осындай мектеп бар екен.
Мен 15 жылдық еңбек жолымда мемлекеттік мектепте 11 жыл және жартылай ақылы мектепте 4 жыл жұмыс жасадым. Сол кезде қаншама көрнекілік қағаздар шығарған ақшам-ай.
Биылғы оқу жылында көзімді жұмып жеке меншік мектепке ауысып, осы уақытқа дейін неге осы мектеп туралы естімегенмін деп өкіндім.
- Қағазбастылық жоқ (отчет, тжб анықтамасы, сынып тізімі, тіпті личное делоға жауапты емеспіз)
- Сағатқа талас жоқ. Яғни, тек өзіңнің негізгі сабақтарыңды бересің (мен баст. сынып мұғалімімін. Матем+қазақ тілі+әдебиет+жарат/у+дүниетану+сын сағаты)
- Әкімшілік тарапынан ескерту немесе шағым болса, жеке өзіңмен ғана сөйлесіп, түсіндіреді.
- Ұзаааақ мыжып отыратын педкеңес жоқ. Педкеңес болады, бірақ нақты маңызды деген ақпараттар ғана айтады және міндетті түрде үзіліс жасайды (кофе/шәй)
5. Кабинет безендіру (оформление) + көрнекілік дегенге мүлдем ақша шығармаймыз. Себебі, әр сыныпта+ кітапханада + мұғалімдер бөлмесінде цветной принтер+ламинатор бар.
Тіпті, А4 / А3 қағазда сатып алмайсың) мектеп береді
6. Ай сайын өзіңе керекті канц товарға заявка бересің) Бәрін тегін береді.
7. Мектеп әкімшілігі мұғалімдерге арнап кез-келген іс-шара тимбилдинг+мерекелік отырыс ұйымдастырса да осы күнге дейін 1 тг де жинаған емес.
8. Оқушыларды кітапханаға жібермесек ренжитін кітапханашы апайларды көріп пе едіңіздер?
Балаларды кітапханаға жіберіңіздер, неге келмейді деп ренжиді.
Балалар да бос уақыттарында кітапханаға баруға асығады. Себебі, жас ерекшеліктеріне сай қызықты жаңа кітаптар көп.
9. Кітап жинап, оны скотчтау деген жоқ. Басқа мектептерде кітап жоғалса, кітап жыртылса жанымыз шығатын еді ғой. Бұл мектепте кітап жыл сайын жаңаланып отырады. Математикадан 2 тоқсанда 2 бөлімді аяқтады. Сол кітаптарды балаларға үйлеріне беріп жібереміз. Тағы жалғастырайын ба?"деп жазды Тұрдыгүл Хамитқызы атты астаналық мұғалім.
Астаналық мұғалімнің бұл жазбасына әріптестері қызығушылық білдіріп, таңданыстарын да жасырмады.
"Жазға дейін істеп көріңіз, мен де жекеменшік мектепке шығып 9 ай бойы керемет сезімде болғанмын.
Сосын жаз бойы жалақысыз отырғанда бүкіл керемет сезімім бірақ шықты, отпускнойды арыз жазамын деп шағымданғанда тамыз айында төледі, емдік жәрдемақыны жұмыстан шыққанда қыркүйек айында жартылай төледі. Кейбір ұстаздарға әлі де бермепті… жазда бюджеттен қаржыландыру жоқ, осылай зықымды шығарған, енді бармастай болдым", "Мынадай мекемеде жұмыс істеу арман ғой", "Қазақстанда расымен осындай мектеп бар ма?" дегенге саятын пікір жазуда.