Әлеуметтік желіде хиджаб киген қыздар мен иегінде желбіреген сақалы бар жігіттердің шетелде "ұлттық нақышта" өнер көрсеткен видеосы тарады деп жазады Democrat.kz.
Бұл туралы "Дін спортқа ғана емес, мәдениет пен өнер саласына да қатты ықпал етіп, ұлттық киімдерді де өзгерістерге ұшыратуда.Шетелдіктер Қазақтың ұлттық киімі осы деп ойлаған шығар ![]()
Бұл “Sarmad” деп аталатын этно фольклорлық ансамбль. Бірақ, киімінің түрі мынау. Мәдениет және ақпарат министрлігі ұлттық құндылықтардың бұзылуына жол бермей қатаң қадағалау керек.
Қазақтың ұлттық құндылығына тиіспей, арапша киініп құлшылықтарыңды жасап жүре беріңдерші…
Таяу Шығыс діни киімімен ұлттық киімдерді өзгерту арқылы сәнін кетіріп, мутант үлгіге қазірден халықтың көзін үйрете бермек. Мына қарқынмен бірер жылда ұттық киімдердің түпнұсқасын халық ұмыта бастауы мүмкін!
Үкілі кәмшәт, бүрмелі көйлек пен күмісті шашбау көзден бұлбұл ұшпасын..." деп жазды журналист Ержан Төлек.