"Нағыз ислами уағызшы - Ахметбек Нұрсила" дейді діндар бала (ВИДЕО)

"Нағыз ислами уағызшы - Ахметбек Нұрсила" дейді діндар бала (ВИДЕО)

Тиктокер, діндар Бахтияр Нышанбайұлы қоғам белсендісі, ұлт жанашыры Ахметбек Нұрсила туралы өзі түйген пікірмен бөлісті деп жазады Democrat.kz.

"Екі ай Ахметбек Нұрсиланың сату саласында жұмыс істедім. Сонда түсінгенім, Ахметбек Нұрсила -  Исламның өзгертілмеген жалғыз нұсқасын ұстанатын жалғыз адам. Біздегі "мен" деген имамдар ол сияқты уағызды дұрыс айта алмайды. 

Нұрсиламен жұмыс істегенде - оның жан-жануарға ерекше махаббатын білдім. Баста оны түсінбедім. Адам табиғатта, еркіндікте өмір сүруі керек дейді. Дінде жәннатқа бару туралы айтады ғой. Ал жәннат деген - бау-бақша ғой. Міне, сол бау-бақшаға бар деуі арқылы Ахметбек Нұрсила да жәннатқа бар деген мағынада айтады екен. Әрбір аңның ерекшелігін айтатын Ахметбектің сөздерінен кейін менің иманым күшейді.

Қазақстанда мұндай ғажап уағыз айтатын адамды көрмедім. Ахметбек Нұрсила - дінді толық меңгерген адам" деген Бахтияр Нышанбайұлы "Нұрсила - №1 коуч" деп сөзін түйіндеді. 

Барлық жаңалықтар