"Нағыз мүсілім": Ауғанстанда ұялы телефон қолдануға тыйым салынбақ

"Нағыз мүсілім": Ауғанстанда ұялы телефон қолдануға тыйым салынбақ

Билік басына келген "Талибандар" енді Ауғанстанда тағы бір қатаң заң шығаруға күш салып, тыйымның түрін арттыра бастады деп жазады Democrat.kz.

Әзірге мұндай ауызша бұйрықты "Талибан" ұйымының көшбасшысы Хайбатулла Ахундзада бергенін Afghanistan International онлайн басылымы хабарлады. 

"Талибан" исламистер ұйымының көшбасшысы ұйымның мүшелеріне, шенеуніктерге смартфон қолдануға тыйым салмақ. 

Қазіргі уақытта кімде қандай нөмірмен, қандай смартфон бары туралы тізім де жасалып қойған. 

Еске салып өтейік, таяуда ғана "Талибандар" студенттерге ұялы телефон қолдануға тыйым салған болатын. 

Әлеуметтік желіде талқыға түскен бұл ақпаратты қолдап, "нағыз мүсілім яхудейдің затын ұстамауы керек", "дұрыс", "халал нәрсе қолдануы керек" дегенге саятын пікірлер жазуда. 

Барлық жаңалықтар