ТЖМ мамандары найзағай кезінде үйде, көшеде және табиғатта болғанда қалай қорғану керек екенін түсіндірді. Мамандардың сөзінше, найзағай бәріне бірдей қорқынышты емес.
Құтқарушылар найзағай кезінде төмендегі қауіпсіздік ережелерін ұстануға кеңес береді:
Үйде:
- терезелер мен есіктерді жабыңыз;
- электр құралдарын өшіріңіз.
Көшеде:
- үй-жайға кіріп кетіңіз;
- металл қалқалар мен ағаштың астында тұрмаңыз;
- көліктен шықпаңыз;
- мотоциклден/велосипедтен түсіп кетіңіз;
- қолшатырды ашпаңыз;
- ұялы телефоныңызды сөмкеңізге салып қойыңыз;
- киімге металл аксессуарлар жабыстыруға болмайды.
Табиғатта:
- биік ағаштардың астында жасырынбаңыз;
- ойпатта тығылыңыз;
- су қоймаларына жақындамаңыз.