Наркенже Серікбаеваны «иіскеуім керек» деген басшы өзге қыздарды да төсекке тартқан

Наркенже Серікбаеваны «иіскеуім керек» деген басшы өзге қыздарды да төсекке тартқан

Республикалық және халықаралық деңгейдегі әнші-термешілер байқауларының жеңімпазы, танымал дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаеваның видеосы желіде резонанс тудырды. Оның Түркістан қаласындағы Шәмші Қалдаяқов атындағы филармонияның басшылығы туралы айтқан мәлімдесінен кейін желіде аталған ұжым басшысы туралы басқалар да пікір білдірген.

Әншінің оқырмандары бұған дейін де филармония басшысынан озбырлық көргендерін жасырмады.

«Наркенже ханымның айтып отырғаны Ғ. Е. па? Ол кісі ХҚТУ –да (Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті) мұғалім болған. Маған да тиіскен», «Құқық пәнінен сабақ берген. Студенттерге тиісіп мені алдап кафесіне шақырған. Түркістанда «Скай» деген кафесі бар. Мені шақырып қырындап төсекке тартқан. Қорқып қашып кеткенмін. Бұл кісі өте нашар адам», «Қазір отбасылы адаммын. 2019 жылы болған жағдайлар, сондықтан араласқым келмейді», — деген секілді хаттар әншіге келіп түскен.

Барлық жаңалықтар