"Науқас баламды көшеден ұстап, әскерге әкетті" деген ана шырылдап көмек сұрап отыр

"Науқас баламды көшеден ұстап, әскерге әкетті" деген ана шырылдап көмек сұрап отыр

Әлеуметтік желіде науқас баласы үшін шырылдап жүрген Гүлім Әбішева тиісті органнан көмек сұрап жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

"Өкінішке орай біз осындай мемлекетте өмір сүрудеміз...
Достар Нұрбектайымның денсаулығына байланысты шыға алмай кеттім. Бір аптада екінші рет қатты судорга беріп есім шығып кетті.
 
Алаңдап жатқан баршаңызға Алла разы болсын. Әскердегі ұлмен арасында хабардамын. Батольон басшылары күнде хабарда. Қайта анализдер тапсырып жоспарлы отаға дайындауда.
 
Бар гәп біздің ауданда. Шайқасып шаршадым. 17 жасынан бастап денсаулығы жарамсыз болып келген баланы, бір түнде денсаулығын толық тексермей көшеден ұстап алып кеткен.
 
Үш жыл бойғы денсаулығы жайлы военкоматтағы делосын көрсетпей отыр. Аудан әкімінің орынбасары Әденов Нұрлан мырза бастаған Шынар Ержанқызы, Тоқтасын Болат ұлы комиссия мүшелері барлығы бірігіп алған.
 
Басында дело папкада бар деді. Енді жоқ деп отыр. Ол құжаттарды өзгертіп жіберседе мен таңқалмаймын. Себебі білгеніңді істе деп намысыма тиетін сөздер айтып, шағымымды қабылдамай қойды.
 
Алла екі дүниедеде менің көрген азабымды берсін оларға. Басқа айтарым жоқ. Осы уақытқа дейін сол талай рет әлеу желіге шыққан Кербұлақ ауданының әкімі орынбасары бір ретте жазаланды дегенді естіген жоқпын. Демек әке көкесі бар ау..
 
Құрметті журналистер қауымы, Қазақ қоғамы, жақсы адамдар. Баршаңыздан көмек сұраймын. Неге қара халық жылай беру керек. Неге шенділер құтыра беру керек. Иә мен әлсізбін. Баламен бір күн солардың артынан жүгірем деп, неше күн батырымды ауыртып алдым.
 
Қазір менде сіздер жинаған 105 мың теңге тұр. Бірақ оған не дәрі аларымды, не балама бір жаққа билет аларымды білмей отырмын. Мен анамын ғой... Жүрегім сыздауда. Ұйқы жоқ. Күлкі жоқ.... Мен тек сарбазыма барғым келеді. Ана көңілі алаңдауды.
Не істеймін білмеймін..." деп жазды Гүлім Әбішева
Барлық жаңалықтар