"Наурыз -қазақтың мейрамы емес" деген діндардың үстінен қылмыстық іс қозғалды

"Наурыз -қазақтың мейрамы емес" деген діндардың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Күллі қазақстандықтар Наурыз мерекесін тойлап жатқанда, "Наурыз қазақтың мейрамы емес" деп видео жариялап, қоғамның наразылығына ұшыраған діндар кісіні Алматы облыстық полициясы ұстап әкетті деп жазады Democrat.kz. 

Еске салып өтейік, ТикТокта  Ербол Рүстемұлы атты парақшадан діндар кісі ТикТок парақшасынан бірнеше рет "Наурыз қазақтың мейрамы емес" дейтін видео жариялағанын жазған едік. 

"Наурыз қазақтың мейрамы емес!" Деген діндар Президенттің саясатына қарсы шығып отыр ма? 

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ер адамға қатысты діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

“Биыл 23 наурызында әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде TikTok-та жарияланған, Наурыз мерекесіне қатысты діни және этномәдени сипаттағы жария мәлімдемелерді қамтитын бейнематериал анықталды. Жедел іс-шаралар нәтижесінде 1991 жылы туған К. есімді азамат анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.

Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 174-бабының 2-бөлігіне сәйкес діни алауыздықты қоздыру – қоғамдық пікір көшбасшысы тарапынан жасалған жағдайда 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Барлық жаңалықтар