"Наурызбай Тағанұлы елден кешірім сұрап, орнын босатсын!"деген имам Бас мүфти туралы сұмдықтарды баяндады

"Наурызбай Тағанұлы елден кешірім сұрап, орнын босатсын!"деген имам Бас мүфти туралы сұмдықтарды баяндады
Дін өкілі, имам Жанарбек Мамбар  әкесін сабап өлтірген оқиғаға қатысты пікір білдіріп, ҚМБД-ға түбегейлі өзгеріс керек деп үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.
 
"Жастарға рухани тәрбие беретін саланың бірі ҚМБД - ға түбегейлі өзгеріс керек. Әкесін ұрған бала үшін де , құран бойынша Алла алдында бас муфти Наурызбай Тағанұлы да жауапты екені сөзсіз.
 
Алайда бас муфти жауапкершілікті мүлде ұмытқан. Менікі кінәлі емес деп , өзі судан таза , сүттен ақ болып отыр. Былтыр уәдені үйіп төгіп қайтадан бас мүфтилікке сайланып алды да сауда сақал сипағанша ( борада) дегендей сақалын сипап , той тойлап жүр.
 
Рухани салаға ешқандай өзгеріс жасамады. Шынын айтсам Наурызбай Тағанұлының қолынан рухани жетекшілік жасау мүлде келмейді.
 
Көтере алмайтын шоқпарды беліне байлап алып , халықтың сенімін таптады. Асыл діннің діңгегіне дүмшелікті жайлатты. Наурызбай Тағанұлы бір сөзбен айтқанда бас мүфтилікке лайықты адам емес.
 
Ел президенті Қасым -Жомарт Кемелұлының бүгінгі жолдауында жастар тәрбиесін ерекше атап өткені , менің жазған мақалама тікелей байланысты.
 
Қара басымның қамын үшін емес рухани азып тозып бара жатқан қара халықтың қамы үшін тәуекелге бел байлап жазып отырмын.
 
Болған оқиға байланысты бас мүфти халықтан кешірімін сұрап орнын босатсын!" Деп жазды  дін саласының майталман маманы, Ақыт қажы мешітінің бас имамы Мамбар Жанарбек.
Барлық жаңалықтар