Әлеуметтік желіде Дубайдағы қазіргі қиын жағдайда шарасыз қиналып қалған қазақтарды экс президент үйіне паналатпақ деген ақпарат қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
Threads желісінде Traveldatkz атымен тіркелген парақшада: "Шұғыл! Нұрсұлтан Назарбаев Дубайдан шыға алмай, далада қалған қазақстандықтарды өзінің резиденциясында паналатуға дайын!" Деген жазба жариялады.
Өкінішке қарай, парақшадағы бұл жазбаға сенгеннен гөрі, керісінше жұрт күмәнданып пікір жазуда.
"Мынау рас болса, керемет қой", "мүмкін емес, ол Астанада ауызашарда жүрген", "әрине, егер шын болса, адамгершілігіне разы болар едік қой", "резиденциясының әжетханасына да кіргізбес" дегенге саятын пікір жазған жұрт Дубайдан кете алмай отырғандарға сәттілік тіледі.
