Әлеуметтік желіде тараған видеода белгісіз бір апа басынан өткен сұмдық жағдайды айтып, жұртты таңғалдырды деп жазады Democrat.kz.
Видеодағы апа бір жыл бойы түсінде Нұрсұлтан Назарбаев түсіне кіріп, алдын ала аян беріп келгенін айтады.
"Телевидениеге жұмысқа кіргеннен кейін бір жыл бойы түсіме Назарбаев кіреді де ертеңгі болатын оқиғаларды айтады. Мысалы, "ертең Тоқтар Әубәкіров келеді, оған мынаны айтасың" дейді.
Осылай күнде осылай ертең не істеу керегімді түсімде Назарбаев аян беріп айтып отыратын болды. Уақыт өте келе бұл аян түстер қорқынышты жайттарға ауысты.
Бір күні түсімде Назарбаев "күйеуің жақсы адам емес, күйеуіңнен ажырас" деді. Ұйқымнан тұра салып, күйеуіме айттым. Күйеуім сенбеді. Екі айға жуық солай Назарбаев түсімде айта берді.
Мешітке бардым. Имам "түсіңде көрген нәрсеге адам ажыраспайды" деді. "Бір жерің майып болады, ажырасуың керек"деп көкшетаулық имам айтты.
Мешітке барған күннен кейін Назарбаев күйеуімнің түсіне кіріп, мазасын ала бастады. Жақия қажыға бардық. Күйеуім сенбеді оған. Жақия қажы "үйіңдегі бар етті асып, күйеуіңнің алдына қойып, маған "талақ" бер деп сұра"деп кеңес берді. Содан кейін бәрі дұрысталатынын айтты", деген апа басындағы бұл тылсымның құпиясын әлі күнге түсіне алмай жүргенін айтады.