Назарбаев пен Путин Кремльде кездесті: Бұл кездесуде не айтылды?

Назарбаев пен Путин Кремльде кездесті: Бұл кездесуде не айтылды?

Ресей президенті Владимир Путин Мәскеуде Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қабылдады, деп хабарлайды Democrat.kz. сайты Orda.kz.-ке сілтеме жасап.

Кремльдің ресми telegram-арнасы жүздесудің өткені туралы видеоны көрсеткенімен, тараптар талқылаған мәселелердің мазмұнын құпия сақтады.

Бұл тараптардың биылғы мамыр айынан бергі алғашқы кездесуі. Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Ресей астанасына 2024 жылдың желтоқсанында барды.

 

Барлық жаңалықтар