"Назарбаев туралы сұмдық құпияны білемін" деген қырғыз азаматы жаға ұстарлық дүниені айтты (ВИДЕО)

"Назарбаев туралы сұмдық құпияны білемін" деген қырғыз азаматы жаға ұстарлық дүниені айтты (ВИДЕО)

Қырғыз елінің танымал композиторы Құрманғазы Азықбаев Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы ел білмейтін құпиялары туралы айтып берді деп жазады Democrat.kz.

Құрманғазы Азықбаев бұрынғы қазақ президентінің шығу тегі туралы қазақстандықтар білмейтін бір құпияны ашты. 

"Нұрсұлтан Назарбаев - қырғыз. Оның шешесі кезінде Қырғызстанға тұрмысқа шыққан. Ол кезде жайлауымыз бір болған. Кейін әке-шешесі қазақ жағына кеткен. 

Бұл сөзіме Назарбаевтың домбыра шертуін дәлел деуге болады. Бұл құпияларды бұған дейін жасырып, ешкімге айтпай жүрдім. Германияда жүргенімде Путинмен де байланысым мықты болды.

Назарбаевтың "Тұмарым" әнін жақсы көруі бекер емес. Ол "Тұмарым" әні қырғыздың әні. Бұдан басқа қырғыздың ескі жырларын Назарбаев өте жақсы көреді",- дейді Құрманғазы Азықбаев. 

Әлеуметтік желіде тараған бұл видеоға қатысты әдеттегідей "қырғыз-қазақ айтысы" басталды. Қырғыз бауырлар жағы "дұрыс айтады, бүкіл адамзат қырғыздан тараған", "Назарбаев - қырғыз ұлтынан" десе, ал қазақтар "бәрін өздеріңе жабыстырып алуға шеберсіңдер", "иә, Назарбаев - қырғыз. Сендердікі бола қойсын", "Садыр Жаппаров - Албан руынан ғой", "мынау композиторыңа бір стакан құйып берсең, Путин менің ғама дей салайын деп отыр ғой", деп мазақтап күліп жатыр. 

Барлық жаңалықтар