"Назарбаев туралы түсімде аян берді" деген діндар ескерту жасады

"Назарбаев туралы түсімде аян берді" деген діндар ескерту жасады

Әлеуметтік желіде діндар Данияр Бабаев өзіне аталары түсінде аян бергенін айтып, арнайы видеоо үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.

Данияр Бабаев өз түсінде бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың аталары арнайы аян бергенін жеткізіп: "Нұрсұлтан Назарбаевтың аталары оған мен арқылы сәлем жолдап, аян берді. 

Аруақтар "Нұрсұлан өте ақылды, мейірімді, жақсы болған. Менің аманатымды жеткіз. Осы аманатымды жеткізіп жіберсең, Нұрсұлтан балам сені көтеріп жіберуі мүмкін" деді. 

Назарбаевтың аталары: "Нұрсұлтан баламыз халықтың алдына шықсын. Халықтың алғысын алсын. Халқын қорғасын. Дүниесінің бәрін халыққа бөліп берсін. 

Сонда өлген кезінде жәннаттың есігі ашылады, бізбен кездеседі. Егер бұлай етпесе, екі дүние азабын беріп, Алла жазалайды", деген аян берілді", деген діндар Нұрсұлтан Назарбаевқа осыларды орындау керегін ескертті. 

Барлық жаңалықтар