"Назарбаевтың ауызашарынан ғажап әсер алдым": Астанада экс президент ауызашар өткізді

"Назарбаевтың ауызашарынан ғажап әсер алдым": Астанада экс президент ауызашар өткізді

Әлеуметтік желіде бұрынғы президент Нұрсұлтан Назабаевтың Астанадағы бас мешітте ауызашар бергені қызу талқыға түсуде деп жазады Democrat.kz.

Threads желісінде Балерке Құрманғалиева: "Бүгін Астана қаласында Бас мешітке ,жамағаттың ауызашарына бардым.

Қанша уақыт ораза ұстап журсем де,бірінші рет мешіт жамағатымен ауыз аштым.Ауыз ашарды кім беріп жатқанын өзім де естіп таң қалдым.Алланың құдіреті шексіз ғой.

Тұңғыш елбасымыздың ауызашары екен.Білмеймін бір керемет әсер де болып қайттым,артынан тарауихқа қалдық.

Аллаһ сол ризықты бұйыртып тұрғанын айтам да.Таныс,туған дос жаран ауызашарға барған бір басқа да.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің ауызашарына қонақ болу бір басқа"деп жазды.

Бұл жазбаға қатысты экс елбасыға игі тілектерін жаудырып жатқандар мен "халықтың ақшасына істеп жатыр да", "ауызашар беріп, сауап жинағысы келген болар", "сонша жазатындай емес қой, бүкіл облыста ауызашар беретін миллиардтары бар емес пе оның" дейтін пікірлер де жазылуда. 

Барлық жаңалықтар