Назарбаевтың бейресми әйелінің Мәскеудегі үйі қанша тұрады?

Назарбаевтың бейресми әйелінің Мәскеудегі үйі қанша тұрады?

Экс президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бейресми әйелі саналатын Әсел Құрманбаеваның Мәскеудегі үйі туралы ақпарат шықты деп жазады Democrat.kz.

"Выход к морю" Телеграм арнасы таратқан ақпаратта Әселдің Мәскеудегі үйі атақты Рублевкада орналасқан. 

Үйдің аумағы 340 шаршы метрді құрайды. Бес бөлмелі бұл пәтер байшыкештер тұратын кешенде орналасқан. 

Қазіргі бағасы шамамен 2-3 млрд теңгенің айналасында. 

Мұнан бөлек, Әселдің әпкесі Ақмарал Есполованың да Дубайдағы элиталық ауданда 500-600 млн теңгелік үйі бар екенін аталмыш Телеграм каналы жазды. 

Барлық жаңалықтар