Назарбаевтың Дубайда тұрып жатқан үйінің видеосы тарады (ВИДЕО)

Назарбаевтың Дубайда тұрып жатқан үйінің видеосы тарады (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде экс елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Дубайдағы үйі" деген видео тарап, қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.

ТикТок әлеуметтік желісінде Серік Ахметов атымен тіркелген желі қолданушы өз парақшасында ерекше бір видеомен бөлісті. 

"Назарбаевтың Дубайдағы үйі осы екен" деп арнайы Дубайдан видео түсіріп, жариялаған Серік Ахметовтың бұл видеосы қызу талқыға түсті. 

"Бұл Назарбаевтың үйі емес, қонақ үйі. Дубайдағы ең мықты екінші орындағы қонақ үй. Ең арзан бөлмесі екі мың доллар тұрады", "бұл біздің ақшамызға алынған мүлік", "өзінен кейін бәрі жаман болсын деп барын салған кісі", "Қазақстанды да Эмираттағыдай етуге шамасы келер еді", "Назарбаев сөзінде тұрды, "Дубайда тұру керек" деп еді, енді тұрып жатыр", "Назарбаевтың араб елдерінде тұрып жатқаны өкінішті" дегенге саятын пікір жазған жұрт видеодағы алып ғимараттың Назарбаевтыкі болғанына аса таңғала қоймады. 

Дайындаған Ұлжан БАҚЫТҚЫЗЫ. 

 

Барлық жаңалықтар