Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева ұзақ уақыттан кейін қайтадан жұрт назарына ілікті деп жазады Democrat.kz. сайты DalaNews.kz.-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Нұрәлі Әлиевтің жұбайы Аида Әлиева әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған суреті арқылы белгілі болды. Ол жазбасында өткен кештен алған әсерімен бөлісіп, іс-шараға ризашылығын білдірген.
"Әйелдің өмір жолы туралы керемет кеш болды, рақмет", – деп жазды Аида Әлиева.
Айта кетейік, бұған дейін Әлия Назарбаева 2026 жылдың 15 наурызында Алматыдағы "Целинный" заманауи мәдениет орталығында өткен іс-шарада кәсіпкер Қайрат Боранбаевпен бірге көпшілік алдына шыққан еді.
Аида Әлиева – Дариға Назарбаева мен марқұм Рахат Әлиевтің ұлы Нұрәлі Әлиевтің жұбайы. Ал Әлия Назарбаева Нұрсұлтан Назарбаев пен Сара Алпысқызының кенже қызы ретінде белгілі.