Әлеуметтік желіде ұшақ пилотының анасын туған күнімен құттықтаған видеосы тарады деп жазады Democrat.kz.
"Құрметті жолаушылар, жолға кішкене кешігіп шығып жатқанымыз үшін кешірім сұраймыз. Және де осы сәтті пайдаланып, сіздердің рұқсаттарыңызбен бүгін анашымның туған күні еді, соны құттықтап жіберсем..."деген пилоттың құттықтауына ұшақтағы жолаушылар қол шапалақтап қолдау көрсетті.