Назым Қызайбай балаларға 2 млн теңге берді

Назым Қызайбай балаларға 2 млн теңге берді

Бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай Instagram парақшасында 40 балаға қуаныш сыйлағанын мәлімдеді Democrat.kz  Azattyq Rýhy сілтеме жасап.

Ол 5-6 баласы мектепке баратын аналарға көмектескенін атап өтті.

«Жаттығудан кейін өзіме риза болып тұрмын. -2 000 000 теңге, +40 бақытты бала, + күлімдеген көпбалалы аналар. Жақсылық санмен емес, жүрекпен өлшенеді», - деп жазды боксшы Stories бөлімінде.

Оның айтуынша, мұқтаж отбасы әлі де көп.

«Егер шын ниетпен көмектескісі келетіндер болса, мәліметтерін бере аламыз. Көмекшіме жазыңыздар. Аз да болса, қолымнан келгенше көмектестім. Мүмкіндік болып жатса, тағы көмектесемін», - деп түйіндеді Назым.

Барлық жаңалықтар