"Неге сонша асықтым...": Жұлдыз Әбдікәрімова оқырманын елеңдетіп қойды

"Неге сонша асықтым...": Жұлдыз Әбдікәрімова оқырманын елеңдетіп қойды

Әнші Қайрат Нұртастың әйелі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өлең жолдарын оқып, жұртты ойға қалдырды, деп хабарлайды Democrat.kz. сайты Azattyq Rýhy.-на сілтеме жасап. 

Әншінің жұбайы бұл жолы диктор, дубляж актері Мирас Жақыппен бірге жұп болып өлең оқиды.

«Білесіз бе, сіз сирек хат жазасыз,
Содан менде жиілеп сәт мазасыз,
Ауыр ойдан қаламын арыла алмай,
Ал сіз ше? Тап-тазасыз.

Кеше сізден хат күттім, неге?
Неге сонша асықтым, аптықтым?
Ғұмырыма татитұғын шаттықтың,
Құнын жойып, шырмап алды сәттік мұң», – делінген Жұлдыз Әбдікәрімованың оқыған өлең жолдарында.

Желі қолданушылары Жұлдыз Әбдікәрімова мен Мирас Жақыптың орындауы көптің көңілінен шығып, жылы лебіздерін білдірді.

«Керемет. Осылай жиі өлең оқып тұршы, мына бірге оқыған кісімен», «Өте әдемі,өте әсерлі», «Жолдасыңызбен Қайратпен оқығаныңыз өте керемет болар еді», «Керемет дауыс, керемет оқу, жарасымды үндестік, не деген керемет үйлесімділік», «Поэзияны жақсы көремін», «Құлақтың құрышын қандырып тұрып оқу, дауыс үндестік, керемет жеткізу, құлаққа жағымды дауыс, үндестік, үйлесімділік», – деп жазды желі қолданушылары.

Барлық жаңалықтар