"Нұр Мүбарак" неге қайыршы деңгейінен шықпайды?

"Нұр Мүбарак" неге қайыршы деңгейінен шықпайды?
«Нұр-Мүбарак» қашанға шейін қайыр сұрайды?
Мынау садақа ақшаны салатын, үстінде «Каспи банктің» QR коды бар жәшікті жұма намаз күні мешіт алдына шығарады.
 
Себебі, намазхандардың бәрі мешітке симайды ғой, сондықтан «QR код көрсе, ұяты оянатын» намазхандардың тұмсығына тақап қояды, яғни бұл далада намаз оқитындарға арналған жәшік, ал мешіт ішінде басқа жәшік бар.
 
Жұма намаз тәмәм болған соң бұл жәшікті асхананың алдына қарай жылжытады. Тамаққа тойып, «Құдайдың берген ризығына» шүкір еткен адамдар да асханадан шыққанда жәшікке ақша салады.
 
Сірә, бұл ақшаның бәрі «Нұр-Мүбарак» университетінің жаңадан салып жатқан 9 қабатты оқу корпусының құрылысына деген желеумен жиналып жатқан сияқты.
 
Бұл құрылысы бітпейтін «сақалды» құрылысқа айналды. «Нұр-Мүбаракті» баяғыдан бері зайырлы мемлекет бюджетінен де қаржыландырып жатыр. Сонда да «Нұр-Мүбаракқа» ақша жетпейді, қайыр сұрай береді, қайыр сұрай береді.
 
«Нұр» деген Нұрсұлтан Назарбаев, ал Мүбарак деген Мысырды ұзақ жыл билеген Хосни Мүбарак қой. Осы екі диктатор өз есімі берілген «Нұр-Мүбаракқа» жан қалтасынан бір теңге қосыпты дегенді естімеппін.
 
2011 жылғы мәлімет бойынша Х.Мубарактың Еуропа банктеріне жасырып тыққан ақшасы 70 млрд доллар, Ал Н.Назарбаевтың жеке байлығын біреулер 200 млрд доллар деп жүр.
 
«Нұр-Мүбаракті» ҚР Конституциясы мен басқада заңдарындағы тыйымға қарамай бюджеттен қаржыландыру Н.Назарбаев режимі тұсында басталған.
 
Сондықтан мүфтиятқа бағынышты «Нұр-Мүбарак» басшылығы университет атауындағы «Нұр» сөзін лайықты санайтын шығар. Ал дым пайдасы жоқ
 
«Мүбаракты» алып тастап, ислам университетін «Нұр-Салман» немесе «Нұр-Ердоған» деп атаса, Саудия немесе Түркия бюджетінен қазақстандық молдаларға қарайласар ма еді?!. Әйтпесе, садақа жәшікті анда-мұнда тасып жүру сауатты менеджмент емес қой...
Ораз ӘЛІМБЕКОВ, журналист.
Барлық жаңалықтар