Танымал әнші Нұрғали Нүсіпжанов денсаулығы сыр бергенін айтып, жазба жариялады, - деп хабарлайды Democrat.kz.
Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді.
"АУРУХАНАДАҒЫ ОЙ-ТОЛҒАМ…
Өмір сенің сұрауыңды бермейді. Сен өмірдің ұсынғанын аласың…
Азды-көпті өмірден көргенім де бар, түйгенім де жоқ емес.
Адам баласы бір терінің ішінде мың арып, мың семіреді. Аурудың азабын арқалаған адам ғана бұл сөздің түп-төркінін, қадір-қасиетін жақсы біледі.
Естеліктерімде ежелден жазып келем.
Жақсылықтың екі түрі бар: бірі-Алладан, бірі-Адамнан.
Жүрегіме күрделі ота жасаған Кардиохирург Нұрәлі Есенкелдіұлы жас маман бірақ өз ісінің білгірі.
Адам жанын аялай білетін дархан дарыныңа басымды идім, Айналайын.
Өзің басқарып отырған “Приват” ауруханасы ұжымына абырой биігін тіледім. Ел-жұртыңның алғыс, батасын арқалап,қазағыңа қалтқысыз қызмет ет Қалқам, Алла-Тағалла жолыңды ашсын, жұлдызың жарқырасын, Нұрәли Жарығым…", - деді ол.