Нұрлан Албан: "Маған дұға жасайтын ешкім жоқ"

Нұрлан Албан: "Маған дұға жасайтын ешкім жоқ"

Әнші Нұрлан Албан бейіт басынан видео түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады деп жазады Democrat.kz.

Марқұм әкесі мен шешесінің бейітіне барған әнші Нұрлан Албан: "Әкеңіз бен шешеңізді тірі кезінде бағалаңыздар. Адамға әке мен шеше Алланың уақытша ғана беретін ең үлкен күші екен.

Әкең мен шешең барда ғана сен күштісің. Оларды қасық қаның қалғанша, мәпелеп, аялаңыздар. Қазір маған дұға жасайтын ешкім жоқ. Неге білесіз бе?

Себебі әке мен шешенің баласы үшін жасаған дұғасы қайтарылмайтын, қабыл болатын ерекше дұға екен. Ал менде әке де, шеше де жоқ қазір", деп әр адам әкесі мен шешесін тірі кезінде қадірлеуі керегін айтты. 

Барлық жаңалықтар