Танымал әнші әрі актер Нұрлан Әлімжанов әлеуметтік желіде екі ұлы – Ғабдолла мен Нұрмұхаммед Баянғалиевтің бейнесін бөлісіп, көпшіліктің назарын аударды.
Өнер иесі кенже ұлы Нұрмұхаммедтің биыл мектепті аяқтап, әке жолын қуып, өнер саласын таңдағанын мәлімдеді.
Нұрлан Әлімжанов жаңа әнінің жарық көргенін де хабарлады. «Соңғы қоңырау» атты туындының сөзін оның әкесі – ақын әрі жазушы Баянғали Әлімжанов жазса, әнді орындаған – Нұрмұхаммед Баянғалиев.
«Нұрмұхаммед ұлым биыл мектеп бітірді және бұл – оның кәсіби деңгейде жазған алғашқы әні. Ол да өнер жолын таңдады. Алла тілеуіңді берсін, құлыншағым», – деп жазды әнші желідегі жазбасында.