Нұрлан имам:"Білдей қари мені "сайқал" деп, қасымдағы кісіні "гей" депті"

Нұрлан имам:"Білдей қари мені "сайқал" деп, қасымдағы кісіні "гей" депті"

Нұрлан имам әлеуметтік желіде тараған өзіне қатысты бейне жазбаға қатысты түсінік беріп, өзін айыптағандарға жауап берді деп жазады Democrat.kz.

"Хит болған жаңа жыл!!! Соңына дейін тындаймыз, өтініш. Шала-пұла естіп алып, түсінбей арғы жағын өз ойларыңыздан құрастырып алмаған жөн еді.

Алып - қашпа құралған әңгімені таситын әр түрлі (кейде біртүрлі) адамдардың бір теріс ойлағаны бар. Біліп қойыңыз,адамның емес, Алланың дегені болады ИншАлла!

“Тек намаз оқи бермей, білім алайық, әрекет жасау керекпіз” деген ойымда ТЕК сөзі айтылмай қалыпты. Өз эфирімнен толқып шыққаным бар, басқа бағдарлама шақырғаннан шаршағаным әрі жол жүргенім бар, толқуым бар.

Мен де адаммын, шатасып солай айтқаным біраззз сөзі мен ісі үйлеспеген имам - молдарларға жақсы болды.(инста эфир емес теледидар)

“Ипотека ал” деген жерім жоқ, “Банкке ақша жинасам болады ма?” дегенде “жинап үй ал” дегенім рас. (Мені қаралап жүргендер банк қызметін мүлде қолданбасаңыздар қалай болады екен?) Тағы не деп айыптайды мені, көп қой.

Үлкен - кіші аудан, қала т.б имам - молдарының басты жұмысы менің әр сөзімді сұрыптау емес!!!
Президентіміз Қ.Тоқаев мырза теледидардан халықты жаңа жылмен құттықтағанда қазақ халқы жаңа жыл түгіл, әр жаңа күннен ырыс үміт күткен ел екенін баса айтып еді.

Білдей ҚАРИ, Құранды жатқа біледі деген аты бар дүрдей үлкен облыстың бас имамы менің суретімді әлеументтік желіден алып, маған “сайқал” деген есім беріп, менімен суретке бірге түскен қасымдағы қазаққа қызмет істеп жүрген тұлғалы азаматқа “гей” деген есім беріпті, күлеміз ба жылаймыз ба?

Ол (молда)жігіт керемет подкастта жұртқа ақыл айтып, кітап жазады,оқиды. Ғайбат туралы халыққа жылата айтқан уағызыңа өзіңде амал болмаса,қалай болар екен. Көпшілігімізге (діндәр) қарағанда қайта жәй халқымыз өте иманды да адал,сенгіш,таза. 

Менімен (біреуге жағыну үшін) күресіп, өзіңнің шәкірттеріңді, кейбір жамағатты ұйықтамай маған қарсы қойып, менің әр сөзімнен жамандық теріп іздегенше, сол сияқты азаматтарға,қазаққа шынымен жаныңыз ашып,Құран мен Хадистің аудармасын дұрыс түсіндіріп,салтымызда бар,қанымызға тән бауырмашылық,мейірім,кешірім,қамқорлыққа тартып,ұлтты біріктіріп,заң мен тәртіпке шақырып отырсаңыздар нұр үстіне нұр болатын еді…"деп жазды имам.

Барлық жаңалықтар