Таяуда әнші Нұрлан Өнербаевтың концерті өтті. Сол концертке қатысқан әлеуметтік желі қолданушы Айнара Байжан әншінің атақты әнмен қоштасқаны туралы айтты деп жазады Democrat.kz.
Айнара Байжан парақшасында әнші Нұрлан Өнербаевтың концертінен видео жариялап "Нұрлан Өнербаевтың 40 жыл айтқан "Анашым" әнімен қоштасқаны өкінішті" деп жазды.
Осы жазбамен жарияланған видеоға қатысты пікірлерде "Анашым" әнінің авторы Марат Омаров бұл әнді Нұрлан Өнербаевтың айтуына тыйым салғаны туралы айтылады.

