Нұрлан Өнербаев жанына батқан қайғысымен бөлісті

Нұрлан Өнербаев жанына батқан қайғысымен бөлісті

Танымал әнші Нұрлан Өнербаев жанына қатты батқан қайғысы жайлы сөз қозғады деп жазады Democrat.kz. 

"Өмірдің жалған екенін жаныңа жалау бола білген жақын достарыңның қатары сирей бастағанда сезеді екенсің.
Міне бұл жарық дүниеден жақын досым Ғалым да көшті. Соңғы жылдардағы жанын қинаған науқастың созылып, қайтпас дертке айналып бара жатқанын көзімізбен көріп жүрсек те, арғы дүниеге қимас досымыз едің ау.

Айналаңдағы қатар дос - жараныңа ғана емес, өзіңді аға тұтып, ақыл кеңесіңе құлақ түрген қаншама жастарға бағыт сілтеген ақылшысы едің. Бергеніңнен берерің мол, бай білімің, тарихқа сілтесең тереңнен толғайтын зердең, әлі де керек едің бәрімізге. Ғалым - десе нағыз ғалым едің ғой.

Енді қалған өмірімізде өзіңдей жанашыр, жаны жайсаң адал дос кездесе қояр ма екен. Әй қайдам.
Алла алдыңнан жарылқап, арғы дүниең жарық болсын.

Ауырып жатқаныңды білсем де, жамандық ойламайыншы деп, алыс сапарға,шет елге жүріп кетіп едім; қабіріңе топырақ сала алмайтыныма өкініп отырмын.
Бірақ дұғамда ғана емес, жүрегімдесің жан досым- ҒАЛЫМ. Бақұл бол!" деп жазған әнші өз парақшасында.
 
 
Барлық жаңалықтар