Танымал уағызшы Нұрсұлтан Рысмағамбетұлы жол апатына түсті деген хабар тарады деп жазады Democrat.kz.
Бұл туралы ТикТоктағы Бауыржан Нагидуллаев өзінің парақшасында "ұстазымызға шипа тілеп, дұғада болайық" деп жазды.
Бауыржан Нагидуллаевтың бұл жазбасындағы комментарийлерден ұққанымыз, уағызшы Нұрсұлтан жол апатына түскен, қазір ауруханада көрінеді.
Әзірге ешбір жерге ресми ақпарат шықпады. Десек те, ТикТок-тағы діндарлар парақшасында уағызшы Нұрсұлтан үшін "дұғада болайық" дейтін жазбалар қаптады.
Тіпті бірі "егер Нұрсұлтан ұстаз кетсе, қазақ жерінен дін де кетеді" дейтін пафосқа толы жазбаларын ашық жазуда.