"Нұрсұлтан уағызшы жол апатына түсті": "Қазақстан дамымайды" деп қолдаушылары үндеу жасауда

"Нұрсұлтан уағызшы жол апатына түсті": "Қазақстан дамымайды" деп қолдаушылары үндеу жасауда

Бірер күн бұрын танымал дін уағызшысы Нұрсұлтан Рысмағамбетұлы отбасымен жол апатына түскен еді. Осыған байланысты әлеуметтік желі қызу пікірталас алаңына айналды деп жазады Democrat.kz.

Ислам дінін уағыздаушы Нұрсұлтан Рысмағамбеттің жол апатына түсуіне байланысты бір тарап "Алласы құтқармай қайда қарап отыр?", "Алланың қалауымен болды", "қазақ жастарын дінмен әбден улағанның бірі еді", "дұрыс бопты, еліміз бір уағызшыға азайды" деген сыңайда пікірлер жазуда. 

Ал уағызшыны "ұстаз" деп төбесіне қойып, пір тұтатындар жоғарыда айтылған пікірлерге ашуланып, тіпті кейбірі арнайы видео түсіріп, үндеу де жасауда. 

"Нұрсұлтан ұстаз апатқа түсті деген ақпарат рас па деген мақсатта пікірлер бөліміне кірсем, шок болдым. Біз қандай адамдармен бір елде тұрып жатырмыз өзі? 

Таңғалдым. Біздің Қазақстан неге дамымайды, неге сондай, неге бұндай деудің түкке керегі жоқ екен. Халқың қандай болса, басшың сондай дейді. Біздің халық осындай, сондай жаман нәрсе жазып отырғандар, қай жерлеріңмен ойлайсыңдар?" дейді төмендегі видеодағы жігіт. 

Нұрсұлтан уағызшыны жақтап, видео-үндеу жасаған бұл жігітті қолдаудан гөрі "жол апатына түсіп жатқан жалғыз Нұрсұлтаның ба?", "ол ұстаз емес, уағызшы", "ұстазың көп өтірік сөйлейді", "Нұрсұлтаның қазаққа не жақсылық жасады?", ұстазыңа Алланың ескертуі шығар бұл, көп сөйлеп кеттің деген", "өтірік уағыз айтады Нұрсұлтаның" дегенге саятын пікірді қарша боратып жазуда. 

Барлық жаңалықтар