"Нұрсұлтан ұстазымыз өлім аузында" деген діндар "дұға етейікші" деп жалынды

"Нұрсұлтан ұстазымыз өлім аузында" деген діндар "дұға етейікші" деп жалынды

ТикТок әлеуметтік желісінде Оралбай атымен тіркелген діндар жігіт Нұрсұлтан Рысмағамбетке қатысты ақпарат таратып, қауымдарынан жәрдем сұрады деп жазады Democrat.kz.

"Нұрсұлтан ұстазымыз өлім аузында, өте ауыр жағдайда жатыр екен. Досым, сүйікті ұстазымыз Нұрсұлтан үшін дұға етші.  Алла айтады, қиямет жақындағанда, өзіне ең жақын, ең салиқалы құлдарын өзіне алып кетеді екен. Сондықтан Нұрсұлтан ұстазды алып кетпеуге барынша дұға жайықшы" деген Оралбай осы видеосын барынша таратып, тарата отырып, уағызшы үшін дұға жасауды өтінді. 

Жалпы, Нұрсұлтан уағызшыға қатысты ақпаратта оның отбасымен бірге жол апатына түскені, қазір жағдайы жақсы, ауруханада екені айтылған-ды. 

Алайда мына жігіттің жалынып, өтініш еткеніне қарағанда, жағдай басқаша болғаны ма деп жұрт түсінбей аң-таң. 

Барлық жаңалықтар