Нұртас Адамбайдың әйелі құлдық туралы айтып, үндеу жасады

Нұртас Адамбайдың әйелі құлдық туралы айтып, үндеу жасады

Ел ішінде "Сабинка келинка"атымен танымал болған Нұртас Адамбайдың әйелі құлдық тақырыбында сөз қозғады деп жазады Democrat.kz.

Әлеуметтік желі парақшасында Ғалия Адамбай қазіргі күнге қалай жеткенін айтып: 

"Құл деген сөз үшін кезінде маған қаншама адам қысым жасап еді. 

Сол кезде онсызда өмірімнің жартысы бойына ашық пікір білдіруге қорқатын едім, енді келіп тағы "Алланың құлы" болам ба? 

Құлдыққа итермелейтін біртүрлі дін екен, бұл қалай деп ойлайтынмын. Былай қарасам, адамдар бұл дінге қуанып, өз еркімен қосылып жатты. 

Діндегі құлдық ұғымын дұрыс түсіне алмаппын. Ислам дініндегі кісілердің не себепті қуанышпен Алланың құлы болатынын түсінбеппін. 

Сөйтсем, адамдар онсызда белгілі біреудің құлы екен. "Байлықта өмір сүрем" деген адам ақшаның құлы екен, "балам үшін өмір сүрем" деген кісі баласының құлы екен. 
Ал Алланың құлы болудың ерекшелігін әркім біле бермейді екен" деген Нұртас Адамбайдың әйелі өміріне разы екенін, "Алланың құлына" айналғанына мақтанатынын жеткізді. 

Барлық жаңалықтар