Белгілі әнші Мақпал Жүнісова кезекті бір концертінде басынан өткен ерекше бір оқиғасын айтып, көрерменін күлкіге қарық қылды деп жазады Democrat.kz.
"Ол кезде жас едік қой... Бір күні осылай сахнада домбырамен терме айтып бастағанымда, шегі атылып, үзіліп кетпесі бар ма?
Сол кезде "о шшшш..."деген даусым қатты шығып кеткен ғой. Ел қырылып, күліп жатыр.
Ыңғайсыз жағдайдан шығу керек. Сол сәтте тұрдым да, "сіздер неге күлдіңіздер, мен ойбу, шегі үзіліп кетті" деп айтпақ болғанмын"дей салдым.
Шымкенттің оқуын бітіріп келіп, Алматыда біраз адамға "о шшш..."дегені біраз адамға айтып қойып, кейін Зәкең жарлық беріп, ұмыттырды ғой", дейді Мақпал Жүнісова.