«Очоудың өзі жазды!»: Нумеролог Дариға Бадықованың күйеуі неге хабарласқанын айтты

«Очоудың өзі жазды!»: Нумеролог Дариға Бадықованың күйеуі неге хабарласқанын айтты

Актриса Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың қарым-қатынасына болжам жасаған нумеролог күтпеген жағдайға тап болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, жариялаған талдауынан кейін Олжас Абайдың өзі хабарласып, маңызды мәліметті түзеткен, деп жазады Democrat.kz.

Әлеуметтік желіде Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың қарым-қатынасына қатысты нумерологиялық талдау жасаған әйел көпшілікті қызықтыратын мәлімдеме жасады.

«Маған Олжас Абайдың өзі жазды! Сол Дариға Бадықованың күйеуі. Елестетіп көрсеңіздерші! Немесе қалай айтуға болады... Мен оның алдында ұятқа қалдым десе де болады. Айтып берейін», – деді нумеролог.

Оның айтуынша, актриса мен Олжас Абайдың қарым-қатынасын сандар арқылы талдап, әлеуметтік желідегі парақшасына бейнежазба жариялаған. Алайда көп ұзамай өзі күтпеген хабарлама алған.

«Кеше мен олардың қарым-қатынасына нумерологиялық талдау жасап, парақшама рилс салған болатынмын. Осыдан кейін, бүгін түнде — тура олардың тойы болған түннің ертеңгілігінде сағат таңғы 4-те — ол маған TikTok-та жекеме өзі жазыпты. Оның туған күні, көрсетілгендей емес, мүлдем басқа күн болып шықты!» – деді ол.

Нумеролог бұл хабарламаның өзін қатты таңғалдырғанын жасырмады.

«Елестетіп көрсеңіздерші, мен қандай шок алдым! Өйткені мен бәрін тексерген едім, барлық жерде дәл осы сандар көрсетіліп тұрған болатын. Ал іс жүзінде бәрі мүлдем басқаша екен. Оның үстіне, кеше дәл оның туған күні болған екен», – деді әйел.

Осыдан кейін ол бұрынғы болжамын қайта қарауға шешім қабылдаған.

«Нумерологияда туған күн — барлық есептеулердің негізі. Ал егер туған күн басқа болса, бұл бәрі басқаша болады дегенді білдіреді. Сондықтан мен талдауды қайтадан жасауды ұйғардым. Бұл жолы жай ғана сәйкестігін емес, олардың қарым-қатынасында қандай сценарийлер болуы мүмкін екенін тереңірек, егжей-тегжейлі талдадым: кім қалай көрінеді, не нәрсеге көңіл бөлу керек және алдағы 3 жылда не болуы мүмкін», – деді нумеролог.

Ол жаңартылған талдауын Instagram парақшасындағы өзекті стористерге жариялағанын айтып, оқырмандарын толық нұсқасымен танысуға шақырды.

 

 

Барлық жаңалықтар