Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Ақтөбеде болған оқушының сәбилі болу оқиғасына қатысты пікір білдіріп, педагогтардың ренішін оятты деп жазады Democrat.kz.
"Шеше ретінде, педагог ретінде мен қыздың бойындағы өзгерісті байқар едім. Алайда бұл жерде не әлеуметтік педагог, не сынып жетекшісі қыздың жүкті екенін байқамағаны қалай?
Бұл мектеп ұжымының, педагогтардың, сынып жетекшісінің немқұрайдылығы деген сөз. Көз алдыңдағы баланың әрбір әрекетін бақылауда ұстау керек қой" деген Ирина Смирнова бұр ретте медицина саласы қызметкерлерінің де біліксіздігін сынап өтті.
Депутаттың бұл сөздері педагогтардың ренішін оятты. Видеоға қатысты "мұғалімнің не кінәсі бар?", "мұғалім, мектеп қыздың бір жерін аңдып жүре ме енді?", "қит етсе, мұғалімді кінәлі етеді бұлар" дегенге саятын пікір жазуда.