"Қазақстан" арнасына берген сұхбатында атақты актер Асанәлі Әшімов жеке өміріне қатысты сыр шертті деп жазады Democrat.kz.
Өз сұхбаында марқұм ұлдарын жүрегі қарс айырыла еске алған Асанәлі Әшімов: "Ұлдарым түсіме өте сирек кіреді. Бір күні ауруханада жатқанымда, таңғы ем шараларға баруым керек болған. Ұйықтап қалыппын. Сағат сегізде тұруым керек.
Сағидың "аға!"деген саңқ еткен даусын естіп...оянып кеттім. Емделуден кеш қалмасын деп оятқаны ғой...
Мен балаларыма өзім тәрбие бере алмадым. Балаларым маған інілерімдей болды. Өйткені шешей тәрбиеледі. Мені "аға" деді, Майраны "тәте" деді.
Мектебіне барып, сабағына қатысып...ондай болмады. Кейін кеткен соң, өкінемін ғой. Ең болмаса беттерінен бір рет сүймеппін" деп көзіне жас алды.