Белгілі саясаткер, марқұм Заманбек Нұрқаділовтің саяси пікір айтып, бұрынғы экс елбасы туралы бір оқиғаны айтқан сәтінің ескі видеосы тарады деп жазады Democrat.kz.
Видеода марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділов өзіне экс елбасы тарапынан жасалған қысымдар мен қитұрқы әрекеттерді әшкерелейді.
"Мен президент болғым келмейтінін ашық айттым. Алайда Назарбаев өзіне салмақты қарсылас деп көріп, менен қатты қорықты. Мен жалғыздықты сүймеймін.
Ал президенттік жұмыс жалғыз болуды талап етеді. Президенттің сенетін жақын адамы болмайды. Ал мен мұндай қызметті қаламаймын.
Қызым өсіп келеді. Мен қызымның қасында болғым келеді.
Осыған дейінгі жасаған ешбір шешімім үшін өкінген емеспін. Осы өміріме разымын. Бақытты отбасым бар. Адам үшін бақыт беретін барлық нәрсем бар.
Карьера қумадым. Қазір бар мақсатым Қазақстан халқын батқан былығынан құтқарғым келеді", дейді Заманбек Нұрқаділов.
Дайындаған Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.